Пирацезин в капсулах — инструкция по применению

Инструкция по применению пирацезина в капсулах, описание действия препарата, показания к применению капсул пирацезина, взаимодействие с другими лекарствами, применение пирацезина (капсулы) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Пирацезин®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Капсулы
Показания к применению:
Атс классификация:
N Средства, действующие на нервную систему
N06 Психоаналептики
N06B Психостимуляторы, средства применяемые при синдроме нарушения внимания и гиперактивности (adhd), и ноотропные средства
N06B X Прочие психостимулирующие и ноотропные средства
Фарм. группа:
Психоаналептики. Психостимуляторы и ноотропы. Психостимуляторы и ноотропы другие. Код АТХ N06BX
Условия хранения:
Хранить в защищенном от влаги и света месте при температуре от 15 ºС до 25 ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Твердые желатиновые капсулы белого цвета № 0 цилиндрической формы с полусферическими концами. Содержимое капсул – порошок белого или почти белого цвета.

Состав пирацезина в капсулах

Одна капсула содержит
Бір капсуланың құрамында

Активное вещество пирацезина

пирацетам - 400 мг, циннаризин - 25 мг
пирацетам - 400 мг, циннаризин - 25 мг

Вспомогательные вещества в пирацезине

кальция стеарат, магния карбонат основной, состав оболочки: глицерин, титана диоксид Е - 171, вода очищенная, натрия лаурилсульфат, желатин
кальций стеараты, негізгі магний карбонаты, қабықтың құрамы: глицерин, титанның қостотығы Е - 171, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, желатин

Показания к применению капсул пирацезина

  • нарушения мозгового кровообращения: при атеросклерозе сосудов мозга, восстановительный период после ишемического и геморрагического инсульта, после черепно-мозговой травмы
  • психоорганический синдром с преобладанием нарушения памяти и других когнитивных функций или нарушениями эмоционально-волевой сферы
  • энцефалопатии различного генеза
  • лабиринтопатии различного генеза (головокружение, шум в ушах, тошнота, рвота, нистагм)
  • синдром Меньера
  • профилактика кинетозов и мигрени
  • для улучшения обучения и памяти детей с отставанием интеллектуального развития
  • ми қан айналымы бұзылуында: ми тамырларының атеросклерозында, ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейінгі, бассүйек ми жарақатынан кейінгі қалпына келу кезеңінде
  • жадының және басқа да когнитивті қызметтерінің бұзылу басымдығы бар немесе эмоционалдық-ерік күші сферасы бұзылуы бар психоорганикалық синдромда
  • генезі әртүрлі энцефалопатияда
  • генезі әртүрлі лабиринтопатияда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, жүрек айнуы, құсу, нистагм)
  • Меньер синдромында
  • кинетоздар мен бас сақинасының алдын алуда
  • интеллектуалдық дамуы кешеуілдеген балаларда жадыны және оқуды жақсарту үшін

Противопоказания пирацезина в капсулах

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • тяжелая печеночная и/или почечная недостаточность
  • паркинсонизм
  • геморрагический инсульт
  • беременность и лактация
  • ажитированная депрессия
  • детский возраст до 6 лет
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
  • паркинсонизм
  • геморрагиялық инсульт
  • жүктілік және лактация
  • ажитацияланған депрессия
  • 6 жасқа дейінгі балалық жас

Побочные действия капсул пирацезина

  • двигательная заторможенность, раздражительность, сонливость, депрессия, астения, головная боль, бессонница, психическое возбуждение, нарушение равновесия, атаксия, обострение течения эпилепсии, тревога, галлюцинации, спутанность сознания, тремор конечностей, повышенный мышечный тонус
  • абдоминальная боль, тошнота, рвота, диарея, сухость во рту
  • увеличение массы тела
  • вертиго
  • гиперчувствительность, анафилактические реакции, ангионевротический отек, дерматит, зуд, крапивница, фоточувствительность
  • қозғалыс іркілісі, тітіркенгіштік, ұйқышылдық, депрессия, астения, бас ауыруы, ұйқысыздық, психикалық қозу, тепе теңдік бұзылуы, атаксия, эпилепсия барысының асқынуы, үрейлену, елестеулер, сананың шатасуы, аяқ-қол дірілдеуі, бұлшықет тонусы жоғарылауы
  • абдоминальді ауыру, жүрек айнуы, құсу, диарея, ауыз құрғауы
  • дене салмағының артуы
  • вертиго
  • өте жоғары сезімталдық, анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, дерматит, қышыну, есекжем, фотосезімталдық

Особые указания к применению

С осторожностью назначают препарат при повышении внутриглазного давления, больным с болезнью Паркинсона, заболеваниями печени и почек (необходим регулярный контроль лабораторных показателей). Пирацезин® особенно удобно применять в тех случаях, когда врач назначает пирацетам и циннаризин одновременно – вместо двух капсул нужно принимать только одну. Поскольку в состав Пирацезина® входит циннаризин, препарат может вызвать положительную реакцию у спортсменов при проведении допинг - теста. Пирацезин® является препаратом выбора в случаях, когда монотерапия пирацетамом вызывает у больного напряженность и бессонницу.

При лечении больных кортикальной миоклонией следует избегать резкого прекращения лечения (риск возобновления приступов). Следует иметь в виду, что развитие побочных явлений наиболее характерно для пациентов с психическими расстройствами. Обострение коронарной недостаточности чаще возникает у тяжелых больных; в этих случаях следует снизить дозу или прекратить терапию. Вследствие антигистаминной активности циннаризина лекарственное средство может повлиять на результаты кожных аллергических проб, проводимых в течение 4 дней после приема Пирацезина®.

Лекарственное средство применяется с осторожностью при нарушениях гемостаза, хирургических вмешательствах, кровотечениях. Препарат усиливает эффекты средств, угнетающих ЦНС (в том числе этанола). Следует избегать употребления алкоголя во время лечения.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не рекомендуется применять препарат при управлении транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Препаратты көзішілік қысым жоғарылағанда, Паркинсон ауруы бар, бауыр және бүйрек аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды (зертханалық көрсеткіштерге ұдайы бақылау керек). Пирацезин® әсіресе дәрігер пирацетам мен циннаризинді бір уақытқа тағайындаған жағдайларда қолданған ыңғайлы –екі капсула орнына тек біреуін ғана қабылдайсыз. Пирацезин® құрамына циннаризин кіретіндіктен, препарат допинг – тест жүргізгенде спортшыларда оң реакция туындатуы мүмкін. Пирацезин® пирацетаммен монотерапия науқаста ширығу мен ұйқысыздық туындатқан кезде таңдау препараты болып табылады.

Кортикальді миоклониялы науқастарды емдеуде емдеуді күрт тоқтатудан абай болу керек (ұстамалар жаңғыру қаупі). Жағымсыз әсерлер даму көбіне психикалық бұзылыстары бар емделушілерге тән болатынын ескеру керек. Коронарлық жеткіліксіздіктің асқынуы көбіне ауыр науқастарда туындайды; бұл жағдайларда дозаны төмендету немесе емді тоқтату керек. Циннаризиннің антигистаминдік белсенділігіне байланысты дәрілік зат Пирацезин®қабылдағаннан кейінгі 4 күн бойына жүргізілетін тері аллергиялық сынамалар нәтижесіне әсер етуі мүмкін.

Дәрілік зат гемостаз бұзылуында, хирургиялық араласуларда, қан кетулерде сақтықпен қолданылады. Препарат ОЖЖ бәсеңсітетін дәрілер тиімділігін күшейтеді (оның ішінде этанолдың). Емдеу уақытында алкоголь пайдаланудан сақ болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда қолдану ұсынылмайды.

Дозировка и способ применения

Длительность курса лечения и дозы препарата определяет лечащий врач индивидуально для каждого пациента в зависимости от характера заболевания и личных особенностей пациента. Взрослым препарат назначают по 1-2 капсулы 3 раза в сутки после еды в течение 1-3 месяцев в зависимости от тяжести заболевания. Максимальная суточная доза – 6 капсул. Детям старше 6 лет назначают по 1-2 капсулы 1-2 раза в сутки после еды.

При кинетозе: взрослым - по 1 капсуле за полчаса перед дорогой. При необходимости принимать по 1 капсуле через 6 часов до максимально рекомендуемой дозы. Препарат нельзя принимать более 3 месяцев! Возможно проведение 2 - 3 курсов в год. При хронической почечной недостаточности (Cl креатинина <60 мл/мин) необходимо снижение дозы или увеличение интервала между приемами препарата.
Емдеу курсының ұзақтығын және препарат дозасын емдеуші дәрігер әрбір емделуші үшін ауру сипатына қарай және емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай жеке анықтайды. Ересектерге препаратты 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет тамақтан кейін 1-3 ай бойына аурудың ауырлығына қарай тағайындайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула. 6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет тамақтан соң 1-2 капсуладан тағайындайды.

Кинетозда: ересектер - 1 капсуладан жолға шығардың алдында жарты сағат бұрын. Қажет болғанда 6 сағаттан кейін 1 капсуладан ең жоғары ұсынылатын дозаға дейін қабылдайды. Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды! Жылына 2-3 курс жүргізілуі мүмкін. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (Cl креатинин <60 мл/мин) дозаны төмендету керек немесе препарат қабылдау аралығын ұлғайту керек.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении с Пирацезином® возможно усиление действия седативных препаратов, трициклических антидепрессантов, ноотропных и гипотензивных средств, а также этанола. При одновременном применении вазодилататоры усиливают действие Пирацезина®, а гипертензивные средства его уменьшают. В пожилом и старческом возрасте Пирацезин® усиливает действие антиангинальных препаратов. Снижает потребность в нитроглицерине. С осторожностью назначать совместно с препаратами гормонов щитовидной железы, пероральными антикоагулянтами.
Пирацезинмен® бір уақытта қолданғанда седативті препараттардың, үшциклді антидепрессанттардың, ноотропты және гипотензивті дәрілердің, сондай-ақ этанолдың әсері күшеюі мүмкін. Вазодилататорлар бір уақытта қолданғанда Пирацезин® әсерін күшейтеді, ал гипертензивті дәрілер оны азайтады. Егде және қарттық жаста Пирацезин® антиангинальді препараттардың әсерін күшейтеді. Нитроглицеринге қажеттілікті төмендетеді. Қалқанша без гормондары препараттарымен, пероральді антикоагулянттармен қоса сақтықпен тағайындайды.

Передозировка пирацезиным в капсулах

Симптомы: абдоминальная боль, диарея с примесью крови, у детей преобладают реакции возбуждения – бессонница, раздражительность, беспокойство, эйфория, тремор, редко – кошмары, галлюцинации, судороги.

Лечение
: индукция рвоты, промывание желудка, симптоматическая терапия, гемодиализ (эффективность 50-60 %). Специфического антидота нет.
Симптомдары: абдоминальді ауыру, қан араласқан диарея, балаларда қозу реакциялары көбірек – ұйқысыздық, тітіркенгіштік, мазасыздық, эйфория, тремор, сирек –шым-шытырық түстер, елестеулер,құрысулар.

Емдеу
: құсуды индукциялау, асқазан шаю, симптоматикалық ем, гемодиализ (тиімділігі 50-60 %). Спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Всасывание
Быстро и полностью абсорбируется из желудочно-кишечного тракта. Максимальная концентрация циннаризина в плазме отмечается через 1-4 часа, пирацетама – через 2-6 часов.

Распределение
Высокая концентрация циннаризина через 1-4 часов отмечается в печени, почках, сердце, легких, селезенке и мозге. Циннаризин связывается на 91% с белками плазмы. Пирацетам быстро распределяется во все жизненно важные органы. Он проникает через гемато-энцефалический барьер и концентрируется преимущественно в сером веществе коры головного мозга и мозжечка, а так же в nucleus caudatus (хвостатом ядре), hippocampus (гиппокампе), corpus medianum, geniculus lateralis и plexus choroidalis (хороидальном сплетении).

Выведение
Пирацетам выводится с мочой в неизменном виде примерно за 30 часов. 60% циннаризина в неизменном виде выводится с калом, остальная часть – с мочой в виде метаболитов примерно за 5 часов.
Сіңуі
Асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толық сіңеді. Циннаризиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы 1-4 сағаттан кейін анықталады, пирацетам –2-6 сағаттан кейін анықталады.

Таралуы
Циннаризиннің жоғары концентрациясы бауырда, бүйректе, жүректе, өкпеде, көкбауырда және мида 1-4 сағаттан кейін анықталады. Циннаризин плазма ақуыздарымен 91% байланысады. Пирацетам өмірлік маңызы бар органдардың барлығына тез таралады. Ол гемато-энцефалдық бөгет арқылы өтеді және көбіне ми қыртысы мен мишықтың сұр затында концентрацияланады, сондай-ақ nucleus caudatus (құйрықты ядрода), hippocampus (гиппокампта), corpus medianum, geniculus lateralis және plexus choroidalis (хороидалдық өрімдерде).

Шығарылуы
Пирацетам несеппен өзгермеген түрде шамамен 30 сағатта шығарылады. Циннаризиннің 60% өзгермеген түрде нәжіспен шығарылады, қалған бөлігі –несеппен метаболиттер түрінде шамамен 5 сағатта шығарылады.

Фармакодинамика

Пирацезин® – комбинированный (пирацетам + циннаризин) ноотропный препарат с противогипоксическим и сосудорасширяющим действием, улучшающий мозговое кровообращение и мозговой метаболизм. Пирацетам относится к классу ноотропных веществ, оказывающих положительное влияние на обменные процессы мозга. Он повышает концентрацию АТФ в мозговой ткани, усиливает биосинтез рибонуклеиновой кислоты и фосфолипидов, стимулирует гликолитические процессы, усиливает утилизацию глюкозы. Пирацетам улучшает интегративную деятельность головного мозга, способствует консолидации памяти, оказывает защитное действие при разных формах церебральной гипоксии, облегчает процесс обучения.

Циннаризин улучшает мозговое, периферическое и коронарное кровообращение и микроциркуляцию, повышает способность эритроцитов к деформации, уменьшает повышенную вязкость крови и повышает устойчивость тканей к гипоксии. Он оказывает также непосредственное спазмолитическое действие на кровеносные сосуды, уменьшает их реакцию на биогенные сосудосуживающие вещества (адреналин, норадреналин, вазопрессин, ангиотензин), потенцирует действие на сосуды мозга СО2. На системное артериальное давление, частоту сердечных сокращений, сократимость и проводимость сердца циннаризин существенно не влияет.

Циннаризин обладает умеренной антигистаминной активностью, уменьшает возбудимость вестибулярного аппарата (подавляет нистагм). Фармакологические свойства циннаризина в значительной мере обусловлены его способностью блокировать мембранные кальциевые каналы. Он ингибирует поступление в клетки ионов кальция и уменьшает их содержание в депо плазмолемм. При сочетании пирацетама и циннаризина оба компонента взаимно потенцируют действие друг друга без увеличения токсичности, поскольку токсичность комбинации не превышает токсичности отдельных компонентов. В отношении воздействия препарата на центральную нервную систему преобладает седативный эффект циннаризина. Терапевтический эффект проявляется через 1-6 часов.
Пирацезин® – гипоксияға қарсы және тамыр кеңейтетін әсері бар, ми қан айналымын және ми метаболизмін жақсартатын біріктірілген (пирацетам + циннаризин) ноотропты препарат. Пирацетам мидың зат алмасу үдерістеріне оң әсер ететін ноотропты заттар класына жатады. Ол ми тіндерінде АТФ концентрациясын жоғарылатады, рибонуклеинді қышқыл және фосфолипидтердің биосинтезін күшейтеді, гликолитикалық үдерістерді көтермелейді, глюкоза утилизациясын күшейтеді. Пирацетам мидың интегративті қызметін жақсартады, жадының консолидациясына ықпал етеді, церебральді гипоксияның әртүрлі түрлерінде қорғаныштық әрекет етеді, оқу үдерісін жеңілдетеді.

Циннаризин мидың, шеткергі және коронарлық қан айналымын және микроайналымын жақсартады, эритроциттердің деформациялану қабілетін жоғарылатады, қан тұтқырлығы жоғарылығын төмендетеді және тіндердің гипоксияға тұрақтылығын жоғарылатады. Ол сондай-ақ қан тамырыларына тікелей спазмолитикалық әсер етеді, олардың биогендік тамыр тарылтатын заттарға реакциясын төмендетеді (адреналин, норадреналин, вазопрессин, ангиотензин), ми тамырларына СО2 әсерін күшейтеді. Жүйелік артериялық қысымға, жүрек жиырылуы жиілігіне, жүрек жиырылуы мен өткізгіштігіне циннаризин елеулі әсер етпейді. Циннаризиннің гистаминге қарсы орташа белсенділігі бар, вестибулярлық аппараттың қозғыштығын (нистагмді бәсеңсітеді) азайтады.

Циннаризиннің фармакологиялық қасиеттері елеулі шамада жарғақшалық кальцийлік өзекшелерді бөгеу қабілетіне байланысты. Ол жасушаларға кальций иондарының түсуін тежейді және олардың плазмолемм депосындағы құрамын азайтады. Пирацетам мен циннаризинді үйлестіруде біріктірілім уыттылығы жекелеген компоненттердің уыттылығынан жоғары болмайтындықтан екі компонент бір бірінің әсерін уыттылығын ұлғайтпай өзара күшейтеді. Екі компонент бір бірінің әсерін өзара күшейтеді. Препараттың орталық жүйке жүйесіне әсеріне қатысты циннаризиннің седативті әсері басым. Біріктірілім уыттылығы жекелеген компоненттердің уыттылығынан жоғары емес. Емдік әсері 1-6 сағаттан кейін анықталады.

Упаковка и форма выпуска

По 10 капсул в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой. По 6 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках укладывают в пачку из картона.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.